01.10.2025 00:49
Хаби Алонсо: «Қайрат» бізді таңғалдырды
01.10.2025 00:49
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо Алматыдағы ойыннан кейін «Қайрат» жайлы пікір білдірді
— «Қайратқа» қарсы ойында еркін көсіле алмадық. Алматы клубы бізге айтарлықтай қолайсыздық туғызды. Бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырып, алқымнан алды деуге болады. Әсіресе ойын басындағы қарқыны бізді таңғалдырды.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық команда. Алматыдағы атмосфера ерекше әсер қалдырды. Егер уақытым болса, мұнда біраз уақыт аялдар едім. Қаланың әсем таулары да қатты ұнады. «Қайратқа» шын жүректен сәттілік тілеймін, – деді испаниялық маман.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 2-турында өткен кездесуде «Қайрат» «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді.