30.09.2025 23:34

«Қайрат» «Реалға» есе жіберді

30.09.2025 23:34

UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Қайрат» «Реалға» жол берді

Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен кездесуде отандастарымыз 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

«Реал» сапында Килиан Мбаппе 25, 52 және 74-минуттарда қақпа торын тулатып, хет-трик авторы атанды. Француз дүлдүлі үш голының бірін пенальтиден соқты. Сондай-ақ 83-минутта Эдуардо Камавинга, ал 90+3-минутта Браим Диас мергендігімен көзге түсті.

Осылайша алматылықтар екінші ойын қатарынан жеңіліс тапты. Бұған дейін «Спортингтің» (1:4) мықтылығын мойындаған еді.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда өз алаңында Кипр клубы «Пафосты» қабылдайды. Аталған матч 21 қазанға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram