30.09.2025 15:16
Суперкомпьютер «Қайраттың» жеңіске жету мүмкіндігін бағалады
30.09.2025 15:16
Opta суперкомпьютері «Қайраттың» «Реалға» қарсы ойындағы жеңіске жету мүмкіндігін болжады
Дереккөздің пайымдауынша, алматылық ұжымның жеңіске жету ықтималдығы 7,9%-ды құрайды. «Реалдың» жеңісі 82,1%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 10% беріп тұр.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында Алматыда өтетін ойын бүгін, 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.