30.09.2025 14:49
«Қайрат» «Реалға» есе жіберді
30.09.2025 14:49
19 жасқа дейінгі «Қайрат» командасы UEFA Жастар Чемпиондар лигасының екінші турында «Реалға» 1:4 есебімен есе жіберді
Алматылықтардың жалғыз голын 58-минутта Исмаил Бекболат соқты. Ал Азамат Тұяқбаев 23-минутта 11 метрлік айып добынан мүлт кетті.
Сондай-ақ 90+6-минутта Данила Буч Ортега орындаған пенальтиді тойтарды.
Отандастарымыз бірінші ойында «Спортингке» (2:3) жол берген еді. Енді келесі турда 21 қазан күні «Пафосты» қабылдайды.