30.09.2025 10:37
Дастан Сәтпаев: «Реалға» бірнеше гол соғуға тырысамыз
30.09.2025 10:37
«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы ойын алдында пікір білдірді.
«Әрине, біз «Атлетико» емеспіз, бірақ бірнеше гол соғуға тырысамыз.
Алайда «Реал» қорғаушыларының Чемпиондар лигасындағы тәжірибесі аса мол. Сондықтан өте қиын болмақ.
Олар бізді қорғанысқа жатып алады деп ойлайды. Ал біз, керісінше, жиі шабуылдап, таңғалдыруға болады», – деді шабуылшы.
Алматыдағы «Қайрат» – «Реал» матчты бүгін, 30 қыркүйек, 21:45-те басталады.