02.10.2025 00:50
Naiza лигасының президенті стадионға кіре алмаған
02.10.2025 00:50
Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабаланы түнеукүнгі "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы кездесуге кіргізбеген
Аталған лига президенті Алматыдағы тарихи матчқа екі билет сатып алған. "Орталық" стадионға ерте келгенімен, ішке кіре алмаған. Осылайша, ұлы екеуі ойынды үйден тамашалаған. Бұл туралы ол Instagram-да жариялады.