29.09.2025 23:29
"Реал Мадрид" Алматыдағы қонақүйді түгел брондаған
29.09.2025 23:29
"Реал Мадрид" клубы Алматыдағы Inter Continental қонақүйін таңдады. Бұл ақпаратты жанкүйер күні бұрын білді. Өйткені клубтың сайтында қай қонақүйге тоқтайтыны, қай ұшақпен ұшатыны да жазылып тұрды
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Қайратқа" қарсы ойынға "корольдің клубы" негізгі құрамын алып келді. Олар ұшақтан түскен бойда аталған қонақүйге тартты. Желідегі ақпаратқа сәйкес, команда Inter Continental-ды екі күнге толық брондаған. Яғни, екі тәулік бойы бұл қонақүйге бөтен адам кіріп-шыға алмайды. 11 қабатты халықаралық стандарттағы қонақүйде бір тәулікке нөмір жалдау құны 280 мыңнан басталып, 1,5 миллион теңгеге жетеді. Қонақүйде 277 бөлме бар.
Айта кетерлігі, Қазақстандағы "Реал Мадрид" жанкүйерлері "корольдің клубына" наразы. Өйткені олар борттан түсе сала, оңтүстік ВИП аймақтан шығып, дереу автобусқа мінген. Ал негізгі шығу аймағында, аэропорт маңында көп қолдаушы жиналған. Әдеттегідей, ұйымдастырушылар ән-күйдің сүйемелдеуімен, бауырсағын ұстап күтіп алды.