02.10.2025 09:39

Холанд ЧЛ үздік сұрмергендері тізімінде Анриді артқа тастады

02.10.2025 09:39

«Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері тізімінде бір саты көтерілді

Норвегиялық шабуылшы «Монакоға» (2:1) қарсы ойында өзінің турнирдегі 51 және 52-голдарын соқты.

Осылайша бұл көрсеткіш бойынша Тьерри Анриді (50) басып озып, 9-орынға көтерілді.

Рейтингтің алдыңғы қатарына Криштиану Роналду (140 гол), Лионель Месси (129), Роберт Левандовски (105), Кәрім Бензема (90), Рауль (71), Килиан Мбаппе (60), Томас Мюллер (57) және Руд ван Нистелрой (56) жайғасқан.

Айта кетейік, Холанд Чемпиондар лигасындағы 52 голын 50 матчта соқты. Одан бөлек бес нәтижелі пастың авторы атанған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram