29.09.2025 09:37
Гвардиола: Холандты Месси және Роналдумен салыстыруға болады
29.09.2025 09:37
«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола Эрлинг Холанд жайлы пікір білдірді
— «Гол соғу көрсеткіштері бойынша Холандты Месси және Роналдумен салыстыруға болады. Эрлинг өзінің жасында адам сенгісіз нәтижелер тіркеп тастады»,– деді Гвардиола.
Холанд 2022 жылдың шілде айынан бері «Манчестер Сити» намысын қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 153 матч өткізіп, 133 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді.