08.09.2025 14:40

Холанд күтпеген жерден жарақат алды

08.09.2025 14:40

«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд есікпен соқтығысып, жарақат алды

Оқиға Осло қаласында болды. Қонақүйге бағыт алған Холанд автобус есігіне бетін соғып, зақымдап алыпты.

Футболшы осыған байланысты әлеуметтік желісінде фотосын жүктеп, ерін тұсына үш тігіс жасалғанын хабарлады. Алайда, біраз уақыттан кейін жазбасын өшіріп тастапты.

Фото: instagram / erling

Айта кетейік, Норвегия құрамасы келесі ойынын ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Молдоваға қарсы өз алаңында өткізеді. Кездесу 9 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram