31.08.2025 20:00

«Манчестер Сити» екінші матч қатарынан жеңіліс тапты

31.08.2025 20:00

Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Брайтоннан» жеңілді

«Амекс» стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның есебін 34-минутта Эрлинг Холанд ашты. 67-минутта Джеймс Милнер пенальтиді мүдірмей орындап, таразы басын тең қылды. Ал жеңіс голын Брайан Груда 89-минутта соқты.

Осылайша, «қалалықтар» қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты. Өткен аптада манчестерлік клубты «Тоттенхэм» (0:2) сан соқтырып кеткен еді.

Үш ойыннан кейін небәрі үш ұпай жинаған Пеп Гвардиола шәкірттері турнир кестесінің 12-сатысында келеді.

«Манчестер Сити» келесі турда өз алаңында бітіспес қарсыласы «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды. Манчестерлік дерби 14 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram