10.09.2025 09:53

Холанд рекорд орнатты

10.09.2025 09:53

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Норвегия Молдованы 11:1 есебімен жеңді

Аталған кездесуде Эрлинг Холанд бес гол соқты. Осылайша, ӘЧ іріктеу кезеңінде пента-трик жасаған XXI ғасырдағы алғашқы ойыншы атанды.

Осыған дейін мұндай нәтижені Ханс Кракль 1977 жылы Австрия – Мальта матчында тіркеген екен.

Норвегия құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Италия, Израиль, Эстония және Молдова құрамаларымен бірге I тобында сынға түсіп жатыр. Бес ойында 15 ұпай жинаған Стале Сольбаккен шәкірттері өз тобында жеке дара көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram