10.09.2025 02:19
Норвегия – Молдова матчында 12 гол соғылды
10.09.2025 02:19
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Норвегия Молдованы ірі есеппен жеңді
Осло қаласында өткен кездесуде 11:1 есебі тіркелді. Норвегиялықтар сапында Эрлинг Холанд пента-трик авторы атанса, Тело Асгард покер жасады. Сондай-ақ Мартин Эдегор мен Феликс Мюре бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Осылайша бес ойында 15 ұпай еншілеген Норвегия өз тобында жеке дара көш бастады. Одан бөлек I тобында Италия, Израиль, Эстония және Молдова құрамалары бар.