21.09.2025 11:50

Холанд «Барселонаға» ауысуы мүмкін

21.09.2025 11:50

«Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холанд «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Football Insider мәліметінше, каталониялық клуб 25 жастағы шабуылшыны Роберт Левандовскидің орнын басатын футболшы ретінде көреді.

Левандовски мен «Барселона» арасындағы келісімшарт мерзімі осы маусымның соңында аяқталады.

Холанд «Манчестер Сити» 2022 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 151 матч өткізіп, 130 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының дерегінше, норвегиялық футболшының нарықтағы құны 180 млн еуроны құрайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram