19.09.2025 08:56
Холанд Чемпиондар лигасындағы 50-голын соқты
19.09.2025 08:56
Чемпиондар лигасының 1-туры аясында «Манчестер Сити» «Наполиді» 2:0 есебімен жеңді.
Аталған матчта Холанд өзінің турнирдегі 50-голын соғып, сұрмергендер тізімінде Тьерри Анримен теңесті.
Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері:
Криштиану Роналду – 140 гол;
Лионель Месси – 129;
Роберт Левандовски – 105 ;
Кәрім Бензема – 90;
Рауль – 71;
Килиан Мбаппе – 57;
Томас Мюллер – 57;
Руд ван Нистелрой – 56;
Тьерри Анри – 50;
Эрлинг Холанд – 50.
Сонымен қатар Холанд Чемпиондар лигасында 50 голдық межені ең жылдам бағындырған футболшы атанды. Ол бұл көрсеткішке небәрі 49 матчта қол жеткізді. Бұған дейінгі рекорд Руд ван Нистелройға тиесілі болатын (62 матч).