19.09.2025 01:48
«Қайрат» ірі есеппен жеңіліс тапты
19.09.2025 01:48
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Қайрат» «Спортингке» ойсырай жеңілді
«Жозе Алваладе» стадионында өткен кездесуде алматылық ұжым 1:4 есебімен қарсыласына жол берді.
Лиссабондықтардың сапында Франсишку Тринкан дубль жасады. Одан бөлек Алиссон Сантос пен Джовани Кенда бір мәрте мергендік танытты. Ал «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын Эдмилсон соқты.
Сондай-ақ, 21-минутта қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмұрза Мортен Хюльманн орындаған пенальтиді тойтарып тастады.
Осылайша «сары-қаралар» турнирдегі алғашқы кездесуінде ірі есеппен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, отандастарымыз келесі турда мадридтік «Реалмен» шеберлік байқасады. Алматыдағы «Орталық» стадионында өтетін кездесу 30 қыркүйекке жоспарланған.