18.09.2025 23:08
Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
18.09.2025 23:08
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында өтетін «Спортинг» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары жарияланды
Нәтижесінде, Дастан Сәтпаевтың ойынды алғашқы минуттан бастайтыны белгілі болды.
Осылайша Дастан (17 жас, 1 ай, 6 күн) Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас қазақстандық футболшы атанды.
Бұған дейінгі рекорд 2015 жылы өткен «Бенфика» – «Астана» (2:0) ойынында тіркелген болатын. Ол кезде Георгий Жуков 20 жас 9 ай 27 күнінде алаңға шыққан еді.
Еске салайық, Лиссабонда өтетін «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы кездесу 00:00-де басталады. Матчты Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.