18.09.2025 18:51

«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасын жеңіліспен бастады

18.09.2025 18:51

19 жасқа дейінгі «Қайрат» командасы UEFA Жастар Чемпиондар лигасының бірінші турында «Спортингке» жол берді

Португалияның Оэйраш қаласында өткен кездесуде алматылық ұжым 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

«Қайрат» сапында Азамат Тұяқбаев дубль авторы атанды. Ал алаң иелерінің үш голын Даниэль Сиесиелски, Флавио Гонсалвес және Диого Мартинс соқты.

Келесі турда отандастарымыз өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Алматыда өтетін кездесу 30 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram