18.09.2025 15:25
Әліп «Қайратқа» сәттілік тіледі
18.09.2025 15:25
Қазақстан құрамасы мен «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп Чемпиондар лигасында ойнайтын «Қайратқа» сәттілік тіледі
— «Қайрат» Чемпиондар лигасына лайықты түрде жолдама алды. Бүгін олар Лиссабонда «Спортингпен» кездеседі. Матчты міндетті түрде тамашалаймын. «Қайратқа» тек жеңіс тілеймін. Мүмкіндік болса, Алматыда өтетін бір матчқа барып қолдаймын», – деді Әліп «Советский спорт» басылымына.
Әліп 2017-2022 жылдар аралығында алматылық ұжымның намысын қорғаған еді.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші туры аясындағы «Спортинг» – «Қайрат» кездесуі бүгін 18 қыркүйек, сағат 00:00-де өтеді. Тарихи матчты Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.