17.09.2025 23:23

«Спортинг» ойыншысы Дастан Сәтпаевқа қатысты пікір білдірді

17.09.2025 23:23

Дәл қазір Лиссабон қаласында «Спортинг» – «Қайрат» матчының баспасөз мәслихаты өтіп жатыр

Бельгия құрамасы мен «Спортинг» клубының қорғаушысы Зено Дебас Дастан Сәтпаев туралы сөз қозғады.

— «Бельгияға қарсы матчта Дастан Сәтпаев жақсы ойнады. Алаңға екінші таймда шықса да, өнері есімізде қалды.

Біз «Қайратты» біраз зерттедік және клубта Дастанның орны ерекше екенін білеміз. Ол – өте мықты ойыншы»,– деді Дебас.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші туры аясындағы «Спортинг» — «Қайрат» кездесуі ертең 18 қыркүйек, сағат 00:00-де өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram