16.09.2025 16:51
«Спортинг» сапынан үш ойыншы алаңға шықпайды
16.09.2025 16:51
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуіне аттанды. Air Astana әуекомпаниясы Уразбахтин шәкірттерін тікелей рейспен Лиссабонға жеткізеді. «Спортинг» пен алматылық клуб арасындағы ойын 19 қыркүйекте өтеді. Әзірге үш португал ойыншысы алаңға шықпайтыны белгілі болды.
«Қайратқа» қарсы матчқа қорғаушы Нуну Сантуш, жартылай қорғаушы Даниэл Браганса мен Жени Катаму қатыспайды. Жартылай қорғаушы Хидэмаса Моританың да ойынға қатысуы екіталай. Оның үстіне қақпашы Руй Силва жарақатына байланысты чемпионаттағы кейінгі матчқа қатыспағаны тағы бар. Оның орнына «Фамаликанаға» қарсы кездесуде Жоау Виржиния қайта дебют жасады. Сондықтан Силваның «Қайратқа» қарсы матчқа дайындығы жайлы ақпарат жоқ.
Қызық сәйкестікті қараңыз, алматылық клуб «Ақтөбемен» ойында екінші қақпашысынан айырылды. Темірлан Анарбектің жағы сынып, операция жасалды. Оның орнына Шерхан Қалмырза шығып, чемпионатта дебют жасады. Енді 19 қыркүйекте аталған қақпашы еуроаренадағы тұсауын кеседі. Егер бейсенбідегі матчта Силваның орнына Жоау шықса, екі дебютант қақпашының тартысын көреміз.