19.09.2025 02:17
«Манчестер Сити» «Наполиді» тізе бүктірді
19.09.2025 02:17
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Манчестер Сити» «Наполиден» басым түсті
«Этихад» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Матч басында Джованни ди Лоренцо қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Эрлинг Холанд пен Жереми Доку осы басымдықты сәтті пайдаланып, мергендік танытты. Осылайша «қалалықтар» алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.
Енді Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда «Монакоға» қонаққа барады.