19.09.2025 08:29

Чемпиондар лигасы: 1-турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер

19.09.2025 08:29

Чемпиондар лигасы 1-турының үздік ойыншысы атағына үміткерлер жарияланды

Тізімге Маркус Рэшфорд («Барселона»), Душан Влахович («Ювентус»), Франсишку Тринкан («Спортинг») және Маркус Тюрам («Интер») енді.

Влахович «Боруссияға» (4:4) қарсы кездесуде екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Тринкан «Қайратпен» (4:1) өткен ойында дубль авторы атанса, Рэшфорд «Ньюкасл» (2:1) қақпасына екі гол енгізді. Ал Тюрам «Аякспен» болған матчта (2:0) екі рет мергендік танытты.

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде белгілі болады.

Айта кетейік, 2-тур ойындары 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram