02.10.2025 02:07

«Манчестер Сити» ұпай жоғалтты

02.10.2025 02:07

Чемпиондар лигасының 2-турында «Манчестер Сити» қонақта «Монакомен» тең тарқасты

Монакода өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. «Манчестер Сити» сапында Эрлинг Холанд дубль жасады. Ал алаң иелері сапында Джордан Тезе мен Эрик Дайер (пенальти) гол соқты.

Осылайша ағылшындар екінші ойынында 4-ұпайын еншіледі. Бұған дейін «Наполидің» (2:0) осал тұсын тапқан еді.

«Қалалықтар» келесі турда түзде «Вильярреалмен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram