02.10.2025 01:46
ПСЖ «Барселонаны» тізе бүктірді
02.10.2025 01:46
Чемпиондар лигасының 2-турында «Барселона» өз алаңында ПСЖ-ға жол берді
Луис Компанис атындағы стадионда өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді.
Париждіктердің сапында Сенни Меюлю мен Гонсалу Рамуш мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Ферран Торрес соқты.
Осыған дейін «Барселона» алғашқы ойында «Ньюкаслды» (2:1) жеңсе, ПСЖ «Аталантадан» (4:0) айла асырған еді.
Каталонияның ұжымы келесі турда «Олимпиакосты» қабылдайды. Ал Луис Энрике шәкірттері «Байерге» қонаққа барады.