21.03.2026 21:19

«Бавария» ірі есеппен жеңіске жетті

21.03.2026 21:19

Германия Бундеслигасының 27-турында «Бавария» өз алаңында «Унионды» 4:0 есебімен талқандап тастады

«Альянц Аренада» өткен кездесуде Серж Гнабри дубль жасаса, Майкл Олисе мен Харри Кейн бір голдан соқты.

Осылайша Мюнхеннің клубы 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда 4 сәуір күні «Фрайбургқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram