21.03.2026 19:53
«Ливерпуль» жеңіліп қалды
21.03.2026 19:53
Ағылшын Премьер-лигасының 31-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Брайтонға» жол берді

«Амекс Стэдиумде» өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Дэнни Уэлбек дубль жасады. Ал Мерсисайд клубының жалғыз голын Милош Керкез соқты.
Осылайша «қызылдар» 49-ұпайын еншілеп турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 11 сәуір күні «Фулхэмді» қабылдайды.