21.03.2026 19:24
«Елімай» «Ақтөбені» тізе бүктірді
21.03.2026 19:24
Қазақстан Премьер-лигасының 3-турында «Елімай» сырт алаңда «Ақтөбені» тізе бүктірді

«Түркістан Аренада» өткен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. Матчта алғаш болып шартты түрде алаң иелері саналған «Ақтөбенің» шабуылшысы Артур Шушеначев есеп ашты. Оның голына «Елімай» төрт голмен жауап қайырды. Атап айтсақ Роман Мұртазаев дубль жасаса, Фессу Плакка мен Айбар Жақсылықов бір реттен мергендік танытты.
Осылайша Семейдің клубы бесінші ұпайын олжалап, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты. Ал «ақ-қызылдар» үш ұпаймен 10-сатыда тұр.
Келесі турда Андрей Карпович шәкірттері «Тобылды» қабылдаса, Николай Костовтың жігіттері «Ұлытауға» қонаққа барады.