21.03.2026 18:22

Экитике жарақат алды

21.03.2026 18:22

Ағылшын Премьер-лигасының 31-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Брайтонмен» кездесіп жатыр

«Амекс Стэдуимде» өтіп жатқан матчтың небәрі 8-минутында Мерсисайд клубының шабуылшысы Уго Экитике жарақат алып, алаңдағы орнын Кёртис Джонсқа босатты.

Дәл қазір ойынның 38-минуты өтіп жатыр, есеп 1:1. 14-минутта Дэнни Уэлбек гол соқса, 30-минутта Милош Керкез таразы басын тең етті.

23 жастағы француз форварды осы маусымда 41 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram