21.03.2026 15:27

Исактың қашан оралатыны белгілі болды

21.03.2026 15:27

«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исактың жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, ол 8 сәуір күні Чемпиондар лигасы 1/4 финалының аясында өтетін ПСЖ-ға қарсы бірінші кездесуге дайын болады. Қазірдің өзінде жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр екен.

26 жастағы швед форварды 20 желтоқсан күні «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы матчта тобығын зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.

Исак Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы аралықта 16 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram