21.03.2026 14:03
Хулиан Альварес АПЛ-ге оралуы мүмкін
21.03.2026 14:03
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 26 жастағы аргентиналық ойыншыға «Арсенал» мен «Челси» қызығушылық танытып отыр. Лондон клубтарының агенттері оны «Тоттенхэм» — «Атлетико» матчына арнайы барып, трибунадан бақылапты. Хулианның өзі клуб ауыстыруға дайын екен.
Альварес Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчта 17 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.