21.03.2026 20:10
Қазақстан құрамасының жаңа қарсыласы белгілі болды
21.03.2026 20:10
Қазақстан құрамасы жазда Армениямен кездеседі

Жолдастық ойын 6 маусым күні Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы стадионда өтеді.
Бұған дейін қос құраманың жолы тоғыз мәрте түйіскен. Соңғы матч 2024 жылдың 7 маусымында болып, біздің жігіттер сырт алаңда 1:2 есебімен жеңілді.
Ал осы айда Ұлттық команда Астанада өтетін FIFA Series додасында сынға түседі. Отандастарымыз алғашқы матчын 25 наурыз күні «Астана Аренада» Намибияға қарсы өткізеді.