24.10.2025 15:13
«Барселонаның» негізгі ойыншысы Эль-Класикоға қатыспауы мүмкін
24.10.2025 15:13
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде «Реалға» қарсы ойнамауы мүмкін

Карлос Монфордың мәліметінше, француз футболшысы аяғын ауыртып алып, соның салдарынан кеше топтық жаттығуға қатыспапты.
Кунде сақтық үшін жеке бағдарлама бойынша залда шыныққан екен. Егер жарақатын асқындырып алмаса, бүгін қатарға оралуы керек.
Кунде осы маусымда 12 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Ал маусымдағы алғашқы Эль-Класико 26 қазан күні Ла Лиганың 10-туры аясында өтеді.
