23.10.2025 12:20
Рафинья Эль-Класикоға қатыса ма?
23.10.2025 12:20
«Барселона» шабуылшысы Рафинья «Реалға» қарсы ойнауы мүмкін

Marca мәліметінше, бразилиялық ойыншы командамен бірге жаттығып жүр.Тіпті «Олимпиакосқа» қарсы ойнауға дайын болған екен. Алайда бас бапкер Ханс-Дитер Флик демалыс беруді жөн көріпті.
Рафинья бір ай бұрын оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, соның салдарынан соңғы бес матчқа қатыспаған еді.
Ал Ла Лиганың 11-туры аясында өтетін маусымдағы алғашқы Эль-Класико осы жексенбіде өтеді.