17.10.2025 08:20
Рафинья Эль-Класикоға қатыса ма?
17.10.2025 08:20
«Барселона» дүлдүлі Рафинья Эль-Класикоға қатысуы мүмкін

Mundo Deportivo мәліметінше, бразилиялық шабуылшы жарақатынан уақытынан ерте айығып келеді. Соңғы медициналық тексеріс оң нәтижені көрсеткен.
28 жастағы ойыншы өткен айдың соңында бұлшық етін зақымдап алып, соның салдарынан соңғы үш матчқа қатыспаған еді.
Ал маусымдағы алғашқы Эль-Класико 26 қазан күні Мадридте өтеді.
Рафинья осы маусымда жеті ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.