08.10.2025 12:28

Ямаль «Реалға» қарсы ойнай ма?

08.10.2025 12:28

«Барселона» дүлдүлі Ламин Ямаль «Реалға» қарсы матчқа қатысуы мүмкін

Marca мәліметінше, 18 жастағы испаниялық вингер Эль-Класикоға дейін жарақатынан айығады екен.

Осыған дейін Ямаль шап тұсын зақымдап алып, қатардан шыққан еді. Соның салдарынан алдағы ойындарда Ұлттық құрамасына көмектесе алмайды.

Ал Ла Лиганың 10-туры аясында өтетін «Реал» – «Барселона» кездесуі 26 қазанға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram