23.09.2025 20:30

Ямаль ПСЖ-ға қарсы ойнай ма?

23.09.2025 20:30

«Барселона» ойыншысы Ламин Ямальдың жағдайы белгілі болды

Sport.es мәліметінше, Ямаль доппен жеке жаттығуды бастап кетіпті. Каталониялық клубтың бапкерлік штабы 18 жастағы вингерді 28 қыркүйек күні өтетін «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында алаңға шығаруды жоспарлап отыр.

Егер испаниялық жұлдыздың алаңдағы жағдайы ойдағыдай болса, Чемпиондар лигасы аясында 1 қазан күні өтетін ПСЖ-ға қарсы ойында да төбе көрсетеді екен.

Осыған дейін Ямаль шап тұсын зақымдап алып, белгісіз мерзімге қатардан шыққан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram