24.09.2025 16:28
Эль-класиконың уақыты белгілі болды
24.09.2025 16:28
Испания Ла Лигасының 10-туры аясында мадридтік «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды
Маусымдағы алғашқы Эль-класико 26 қазан күні сағат 19:15-те өтетін болды.
Қос клубтың жолы бүкіл матчты есептегенде 297 рет түйіскен. Оның 126-да «Барселона» басым түссе, 109-да «Реалдың» мерейі үстем болған. Ал қалған 62 кездесу тең есеппен аяқталды.
Ла Лиганың 35-туры аясында өткен соңғы текетіресте Каталонияның клубы 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Испания біріншілігінің биылғы маусымында алты ойында 18 ұпай жинаған Хаби Алонсо шәкірттері жеке дара көш бастап тұр. Ал бес матчта 13 ұпайға ие болған Ханси Фликтің жігіттері екінші орында келеді.