24.09.2025 02:19
«Реал» жарқын жеңіске жетті
24.09.2025 02:19
Ла Лиганың 6-туры аясында «Реал» сырт алаңда «Левантені» 4:1 есебімен жеңді
Мадридтіктер сапында Килиан Мбаппе дубль жасады. Сондай-ақ Винисиус Жуниор мен Франко Мастантуоно бір мәрте қақпа торын тулатты.
Осылайша алты ойынның бәрінде жеңіске жеткен «бланкос» турнир кестесінде 18 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді.
Хаби Алонсо шәкірттері келесі турда, 27 қыркүйек күні «Атлетикоға» қонаққа барады. Одан кейін араға үш күн салып, Чемпиондар лигасы аясында «Қайратқа» қарсы Алматыда ойын өткізеді.