19.09.2025 10:46
«Барселона» «Реалдан» қара үзіп кетті
19.09.2025 10:46
«Барселона» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің 1-турында «Ньюкаслдан» 2:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Чемпиондар лигасында Англияның клубтарын қонақта ең көп жеңген команда ретінде өз рекордын жаңартты.
«Блауграна» англиялықтарды сырт алаңда 12 рет жеңген. Ал екінші орынға «Реал» (9) жайғасса, үштікті «Бавария» (8) түйіндеп тұр.
Каталониялықтар 2-турдағы матчын 1 қазан күні өз алаңында «ПСЖ-ға» қарсы өткізеді.