19.09.2025 09:25

«Барселона» 20 жыл күткен жеңіске жетті

19.09.2025 09:25

Чемпиондар лигасының бірінші турында «Барселона» «Ньюкаслдан» (2:1) басым түсті

Каталониялық клубтың сапында Маркус Рэшфорд дубль авторы атанды.

Осылайша, «блауграна» сонау 2005/06 жылғы маусымнан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының бірінші турында сырт алаңда жеңіске жетті. 20 жыл бұрын Бременде өткен ойында команда «Вердерді» (2:0) тізе бүктірген еді.

Содан бері Чемпиондар лигасын жалпы төрт рет түзде бастап, оның үш матчында тең түсіп, біреуінде жеңіліс тапқан екен.

Айта кетейік, Ханси Флик шәкірттері келесі турда өз алаңында ПСЖ-ны қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram