16.09.2025 19:08

«Барселона» – «Хетафе» матчы қайда өтетіні белгілі болды

16.09.2025 19:08

«Барселона» – «Хетафе» матчы 6000 адамға арналған Йохан Кройфф атындағы стадионда өтетін болды

Клубтың мәліметінше, «Барселона» қала билігінен «Камп Ноуда» ойнау үшін әлі рұқсат ала алмай отыр екен. Осы бағытта қарқынды жұмыс жасалып жатқандығын алға тартты.

Каталониялықтар мұндай шешімге жанкүйерлердің түсіністікпен қарауын сұрап, алдын-ала алғыс білдірді.

Жоспар бойынша, «Барселона» төл стадионына тамыз айында оралу керек еді. Алайда, команда осы аралықта Жоан Гампер кубогы аясындағы «Комо» (5:0) мен ішкі чемпионаттағы «Валенсияға» (6:0) қарсы матчтарын Йохан Кройфф аренада амалы жоқтан өткізді.

Айта кетейік, Ла Лиганың 5-туры аясында өтетін кездесу 21 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram