10.09.2025 08:35

«Барселона» өз алаңындағы алғашқы матчты қай стадионда өткізетіні белгілі болды

10.09.2025 08:35

«Барселона» Ла Лиганың 4-турындағы «Валенсияға» қарсы матчты «Йохан Кройф» стадионында өткізетін болды.

14 қыркүйектегі ойынды осы аренада қабылдай алу үшін VAR камераларын орнатып, басқа да мәселелерді шешіпті.

Тек 6000 жанкүйер сыятын болғандықтан, билет соңғы екі жылда абонемент алғандар арасында үлестіріледі.

Ал жаңа «Камп Ноудағы» алғашқы матчын қаңтар айында өткізуі мүмкін.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram