09.09.2025 12:06

Италия тарихи нәтиже тіркеді

09.09.2025 12:06

Түнеугүні Италия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Эстонияны тізе бүктірді

Дебрецен қаласында өткен кескілескен ойында 4:5 есебі тіркелді. Италиялықтар сапында Мойзе Кин (дубль), Джакомо Распадори, Сандро Тонали және Маттео Политано мергендік танытты.

Осылайша, «скуадра адзурра» өз тарихында алғаш рет қатарынан екі ойында бес гол соқты. Дженнаро Гаттузо шәкірттері өткен матчта Эстонияны 5:0 есебімен жеңген еді.

Италия ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Норвегия, Израиль, Эстония және Молдовамен бірге сынға түсіп жатыр. Төрт ойында тоғыз ұпай жинаған италиялықтар I тобында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram