29.08.2025 23:22

Италия нақты тізімін жариялады

29.08.2025 23:22

Италия құрамасының алдағы матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі мәлім болды

Команданың жаңа бас бапкері Дженнаро Гаттузоның таңдауы төмендегідей:

Қақпашылар: Карнесекки, Доннарумма, Мерет, Викарио;

Қорғаушылар: Бастони, Белланова, Калафьори, Камбьясо, ди Лоренцо, Димарко, Гатти, Леони, Манчини;

Жартылай қорғаушылар: Барелла, Фаббиан, Фраттези, Локателли, Ровелла, Тонали;

Шабуылшылар: Эспозито, Кин, Мальдини, Орсолини, Политано, Распадори, Ретеги, Скамакка, Дзакканьи.

«Скуадра Адзурра» қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді. Алдымен 5 қыркүйекте өз алаңында Эстонияны қабылдаса, араға үш күн салып, Израильге қонаққа барады.

Гаттузо үшін бұл Италия тізгініндегі алғашқы ойындары болмақ.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram