06.09.2025 14:47
Гаттузо Италия құрамасының ойыншыларына шапалақпен жігер сыйлаған
06.09.2025 14:47
Алессандро Бастони мен Джакомо Распадори Дженарро Гаттузоның ұрғанын айтты
«Гаттузомен бір командада ойнау қандай екенін енді түсіндім. Ол бізге біраз жігер сыйлап, бір-екі шапалағын да беріп жіберді», – деді Бастони.
Оның сөзін Джакомо Распадори де растады:
«Бастони басқа мағынада айтпады. Ол расымен бізге шапалағын берді. Менің желкемнен салып қалды».
Италия ӘЧ-2026 іріктеуінде Эстонияны 5:0 есебімен жеңген еді.