06.09.2025 01:59
Италия ірі есеппен жеңіске жетті
06.09.2025 01:59
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Италия Эстонияны бұйым көрмеді
Бергамода өткен ойында «скуадра адзурра» 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Алаң иелері сапында Матео Ретеги дубль жасаса, Джакомо Распадори, Алессандро Бастони һәм Мойзе Кин бір голдан соқты.
Үш ойында алты ұпай жинаған Италия өз тобында үшінші орынға тұрақтады. I тобында одан бөлек Норвегия, Израиль, Эстония және Молдова бар.
Дженнаро Гаттузо шәкірттері келесі турда 8 қыркүйек күні Эстонияға қонаққа барады.