15.09.2025 01:53

«Барселона» жарқын жеңіске жетті

15.09.2025 01:53

Ла Лиганың 4-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Валенсияны» ірі есеппен жеңді

Йохан Кройфф атындағы стадиондағы өтткен кездесуде 6:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Фермин Лопес, Рафинья және Роберт Левандовски дубль авторы атанды.

Осылайша төрт турдан кейін 10 ұпай жинаған «блауграна» турнир кестесінің екінші орында келеді. Көш бастап келе жатқан «Реалмен» арасын екі ұпай бөліп тұр.

Ханси Флик шәкірттері келесі кездесуін Чемпиондар лигасы аясында «Ньюкаслға» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram