15.09.2025 00:13
Рафинья негізгі құрамнан сырт қалды
15.09.2025 00:13
«Барселона» дүлдүлі Рафинья Ла Лиганың 4-туры аясындағы «Валенсияға» қарсы ойынды қосалқы құрамнан бастайды
Каталониялық клубтың бас бапкері Ханси Флик бразилиялық шабуылшыны жаттығуға кешіккені үшін бастапқы құрамнан шеттетіп тастапты.
Негізінде Рафинья матчты алғашқы минуттан бастау керек болған екен. Оның құрамдағы орнын чемпионатқа жақында тіркелген Руни Бардагджи басты.
Сондай-ақ, Ламин Ямаль аталған кездесуге жарақатына байланысты қатыспайды.
Рафинья биылғы маусымда үш ойын өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.