11.09.2025 23:15
Гарсия «Барселонамен» келісімшартын ұзартуға жақын
11.09.2025 23:15
«Барселона» ойыншысы Эрик Гарсия командамен келісімшартын ұзартпақ
Бұл туралы испаниялық қорғаушының өзі мәлімдеді.
— «Бәрі алдағы уақытта белгілі болады. Клубпен келісімшартты ұзарту туралы келіссөз басталып кетті»,– деді футболшы Goal порталына.
Қазіргі құжат 30 маусымда күшін жояды.
Айта кетейік, 24 жастағы ойыншы биылғы маусымда Ла Лиганың үш матчына қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.